Болгариядағы президент сайлауында Румен Радев жеңіске жетті


Бұл туралы ҚазТАГ жазады.

Болгария ВВС бұрынғы офицері Р.Радев, сайлау учаскелеріндегі сауалнама ақпары бойынша президент сайлауының екінші турында 58% жинаған. Оның негізгі қарсыласы – Болгарияның қазіргі премьері Бойко Борисовтың жақтасы Цецка Цачева – 35% дауыс жинады.
Экзитполдар мәліметі жарияланғаннан кейін Б.Борисов үкімет отставкасы туралы мәлім етті. Қазіргі кабинеттің таратылатыны туралы ресми түрде 14 қарашада ел парламентінің отырысы барсында жарияланатын болады.  
Р.Радев кампаниясының негізгі сайлауалды тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа қарсы риторика және заңсыз көші-қонмен күресуге уәде беру.