Болливуд жұлдызы пайғамбарға тіл тигізгені үшін 26 жылға сотталды

Оқиға былай болған:  14 мамыр күні Geo TV арнасының таңертеңгілік шоуында актриса Вина Малик пен оның жолдасы Мұхаммед пайғамбардың отбасы жайында ғайбат сөздер айтқан.

Кейін Geo Television осы үшін көпшіліктен кешірім сұраған болатын. Сонда да сот Geo медиатобының жетекшісі Шакил-ар-Рахманды, киножұлдыз Вина Малик пен оның күйеуін 26 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Пәкістандағы антитеррорлық сот сонымен бірге сотталған үшеудің әрқайсысына 1,3 млн. рупий (12,6 мың доллар) көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді.

«Олардың бұл қылықтары - барлық мұсылмандарды қорлау. Сондықтан да қатал жазалануы тиіс», - деп есептейді соттағылар.