Бөлтіріктерді азаптап өлтірген видео жұрттың жағасын ұстатты

Бұл қаніпезерлердің бөлтіріктерді енді тауып балаша қуанып жатқан сәті. Айтуларынша, 6 бірдей күшікті жігіттер орманнан тапқан көрінеді.

-Қуырдақ! Қасқыр қуырдақ, шашлық! Бауыздап-бауыздап ауылға алып барайық!

Көп-ұзамай табиғат қаскөйлеріне осындай арам ой келген. Қорғансыз күшіктердің алдымен аяқтарын сындырып, кейін басына шығып таптайды. Мұнымен де тоқтамай өзі әрең жатқан күшіктердің басын күректің қырымен ұрғылап, бауыздап өлтірген.

Үшеуінің күші тасып бөлтіріктермен алысып жатқанда төртіншісі барлығын ұялы телефонына түсіріп алған. Мұны көріп, төбе шаштары тік тұрған табиғат жанашырлары дереу шара қолдануды сұрап отыр.

Мұрат Әбенов, «Өрлеу» Ұлттық орталығы АҚ директорлар кеңесінің мүшесі:

-Біздің дәстүрімізге де қарсы нәрсе. Ешқашан қазақ халқы бостан бос өзіне пайдасы тимейтін өлімге бармайтын. Егер асқа пайдаланбаса, оның өзінде қинамай өлтірген. Ал, мына видеода еріккендер. Ұстап жазалау керек бәрін.

Жалпы бұл адам баласының жануарға көрсеткен алғашқы қиянаты емес. Бұған дейін де жан-жануарларға түрлі азаптаулар көрсетілген.


Псиологтар да адамдардың мұндай қатыгездігіне алаңдаулы. Өйткені, бұл видеоға қарап өзгелердің санасы улануы мүмкін дейді мамандар.

Лимана Қойшиева, психолог:

-80 пайызы балалардың қатыгездік туралы видео көрген соң, соны қайталағысы келеді. Миында өзгерістер пайда болған. Нашақор адамдардың бойында тәуелділік болады ғой. Сол сияқты.

Әзірге видеодағы қаскөйлердің кім екені белгісіз. Ақтөбеден болуы мүмкін деген болжам бар. Өйткені бейнежазба ең алғаш сол жақта жарияланыпты. Егер олардың аты-жөні анықталып, ұсталса үлкен көлемде айыппұл төлеуі немесе бас бостандықтарынан айырылатыны анық.

Loading...