"Болып жатса үлкенді күтпей тиіп алыңыз": Ерке Есмахан Раим Бақтыгереевпен некесі жайлы

Ол жастарға жігіттің жасына қарамай, "тиіп алуға" кеңес берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әншінің сөзінше, махаббат жасқа қарамайтын көрінеді. 

Ол жасы 45-тегі оқырманының: "Сіз сияқты жас жігітке шықпас едім" деген сауалына былай деп жауап берген: 

"Суретіңізді шығарып, қатты ренжітпей-ақ қояйын сізді. Но парақшаңызды қарадым, шли жас жігіттер сізге жол бермей үйленейік, алып қашам, сүйдім, күйдім деп жатқан жоғ-ау. Болып жатса үлкенді күтпей тиіп алыңыз. Жалғыз боп отыра бермеңіз. Негізі әлі жас айырмашылығын сөз ететіндерді түсінбеймін ше? Өмірде қанша қорқынышты нәрселер болып жатыр. Маңыздысы жас емес, махаббат екенін әлі түсінбедіңіздер ме?" деп жазды ол.