Болжам бойынша қыркүйектің үшінші он күндігінде Алматыда күн 35 градусқа дейін жылиды - метеоқызмет

"Үшінші он күндіктің алғашқы жартысында ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 30-35 градус жылы болады", - деп мәлімдеді Е.Морозова. Күн райын қадағалаушылардың болжауынша, одан кейін түнде ауа температурасы 1-6 градус жылы болып, артынан 0 минус 2 градусқа дейін суық түсуі ықтимал. Қыркүйектің үшінші он күндігінің соңында күндіз сынап бағанасы 17-22 градус жылылықты көрсетеді деп күтілуде.

"Жалпы бір айдағы орташа ауа температурасы Цельсий өлшемі бойынша 18 градус, яғни шамадан бір градусқа жоғары болады деген болжам бар", -дейді Е.Морозова.

"Алғашқы он күндіктің бірінші жартысында ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 18-23 , кейбір жерлерде 28 градус болуы ықтимал, одан кейін сынап бағанасы сәл көтеріледі". Екінші он күндіктің алғашқы жартысында ауа температурасы ақырындап төмендейді: түнде-1-6 градусқа дейін, күндіз 15-20 градусқа дейін жылы болады, екінші жартысында сынап бағанасы түнде 6-11, күндіз 24-29 градусқа дейін көтерілуі мүмкін,-дейді мамандар.

Е.Морозованың айтуынша, қыркүйек айында жауын-шашын шамадан аспайды. "Алғашқы он күндіктің алғашқы жартысында және екінші он күндіктің алғашқы жартысында азын аулақ жауын жауып, күн күркірейді",- деп хабарлайды метеорологтар.

Сондай ақ , метеоқызмет өкілдерінің хабарлауынша, "айдың алғашқы жартысында батысқа қарай секундына 9-14 метрге дейін және айдың ортасында шығысқа қарай секундына 15-20 метрге дейін жел соғуы ықтимал". Оған қоса, мамандар айдың басында шаңды жел тұруы мүмкін деген болжам жасап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті