Бомба қойылды деп елді дүрліктірген әйел 2 жылға бас бостандығынан айырылды


«Темір жол вокзалына бомба қойылды деген жалған хабарламаны әйел 7 маусым күні таратқан. Жедел түрде вокзалдағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Іздестіру барысында жарылғыш зат табылмады. Көп ұзамай полицияғ қоңырау шалған әйелді ұстады. Ол Атырау қаласының  49 жастағы тұрғыны болып шықты, қоңырау шалу кезінде ол мас болған. Әйел ҚР ҚК 242-бабы  ( Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау)  бойынша айыпты деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен.