""Бомба қойылған": Алматы облысындағы колледж эвакуацияланды


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы POLISIA.KZ телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция қызметкерлері басқа уәкілетті органдармен бірлесіп 500-ге жуық оқушыны, 97 оқытушыны, 7 техникалық персоналды және 2 күзетшіні эвакуациялады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша Талғар ауданы ПБ-ға тіркелді.

Қазіргі уақытта саперлер арнайы операция жүргізуде. Оның нәтижелері бойынша жағдайға құқықтық баға берілетін болады.