"Бөпеге обал": Түнгі клубта шиеттей сәбимен жүрген жас ана елдің ашуына тиді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Threads әлеуметтік желісінде шулы түнгі клубта шиеттей сәбиімен бірге жүрген ананың видеосы тарады. Онда бүлдіршіннің тіпті 1 жасқа толмағанын көруге болады.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша жас ана баласын тастап, тіпті ортадағы би алаңына шығып, билеп жүрген. Сондай-ақ кейбіреулер бәлкім оның ішімдік ішкенін топшылауда.

Желі қолданушылары ананың бұл әрекетін қатаң сынға алып жатыр. Олар: "Бөпеге мұндай шулы жер зиян, түнде шошымаса болды", "Балаға обал екен, қалай тастап кеткен жалғыз өзін", "Жаным, қайда келдім деп ойлап отырған шығар" деген пікірлерін жаудырып жатыр.