Жуырда Әзімбаева әлеуметтік желіге кезекті жазбасын қалдырды. Ол мінсіз болуға тырыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
«Жақында мен мынаны түсіндім. Мінсіз болуға тырыспаудың жақсы екенін, мінсіз болмаудың жақсы екенін ұқтым. Мен бәріне ұнағым келмейді. Мен өзіме ұнағым келеді»,- деп жазды актриса.
Бұған қоса актриса мүлдем ашық кетіп, оғаш сөздер жазған. Ол ішімдік ішіп, шылым шегетінін, былапыт сөздер айтатынын және тұрмысқа шығуға тырыспайтынын жазған.
«Егер білмесеңіздер: мен боқтаймын, мен феминистпін, шарап және арақ ішемін.Мен темекі шегуді қойдым және спортпен айналыса бастадым. Махаббатқа деген сенімді жоғалттым және психотерапия арқылы қайта таптым. Мен тұрмысқа шықпауға және бала тумауға, дайынмын. Мен құдайға сенбеймін»,- деп толықтырды ол.
Loading...
Ұқсас тақырыптар: