Боранға байланысты бірнеше бағыттағы жолдар жабылды


Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Ақтөбе-Астрахань» жолы, «Ақтөбе-Орск»; «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолдары автокөліктердің барлық түрлері үшін жабылды.
Қарағанды облысында да ауа райының қолайсыздығына байланысты «Алматы-Екатеринбург» (Қарағанды-Балқаш, Балқан-Сарышаған учаскелері), «Қызылорда-Павлодар» (Қарағанды-Жезқазған); Жезқазған-Петропавл (Сәтпаев-Ұлытау) жолдары жабылды.
Ауа райының құбылуына байланысты Қостанай облысында «Қарабұтақ-Денистовка-Рудный-Қостанай»; «Жезқазған-Петропавл», «Жітіқара-Қамысты-Лермонтовка», «Денисовка-Жітіқара-РФ шекарасы» жолдары барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.