Ақмола облысы бойынша сағат 19:00-ден бастап барлық автокөлік түрлері үшін мына жолдарда қозғалыс шектелді:
- «Екатеринбург-Алматы» жолының 913-1114 шақырымындағы Жақсы -Жалтыр аралығы;
- «Жақсы- Есіл -Бұзылық» жолының 0-82 шақырымы;
- «Жезқазған - Петропавл» жолының 537-552 шақырымындағы Бұзылық-Сұрған;
- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының 232-260 шақырымындағы Қостанай обл.-Сұрған аралығы;
- «Көкшетау-Атбасар» жолының 100-184 шақырымы.
Қостанай облысы аумағындағы боран салдарынан бүгін кешқұрым «Жітіқара-Мықтыкөл-РФ шекарасы» жолының 82-164 шақырымы, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының 217-232 шақырымында жолдар жабылды.