Айталық, боранға байланысты Ақтөбе облысындағы Қандыағаш-Шалқар аумағындағы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолы жабылды.
Алматы облысында Сарыөзек-Алтынемел аумағындағы «Сарыөзек-Көктал» трассасында жеңіл автомобильдерге жүруге рұқсат етілді.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Үшарал-Достық» тас жолында автомобильдің барлық түрінің қатынауы шектетілді.
Бораннан жол көрінбегендіктен Солтүстік Қазақстан облысының Сарыкөл аумағындағы жердің «Екатеринбург-Алматы» жолының 687-729 шақырымы аралығында көліктің барлық түрінің жүруіне шектеу қойылды.