Әсіресе Хромтау мен Әйтеке би ауданындағы қарға батып қалған көліктерден 60 адам құтқарылды. Араларында төрт бала бар. Оларды құтқарушылар түні бойы жақын маңдағы ауылдарға жеткізген. Сондай-ақ кеше жеңіл көлікпен жоғалып кеткен екі адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді. Олардың машинасы омбы қарға тіреліп, бірнеше сағат бойы айдалада тұрып қалған. Ақтүтек бораннан еліміздің үш бірдей аймағында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Ақмола, Қарағанды мен Павлодар облыстарында қалың қар жауып, арты боранға ұласқан. Ал Астанадан Көкшетау және Қарағандыға апаратын жолдар көктайғаққа байланысты жабылды.
Loading...