Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Борат-2" фильмінің сюжеті бойынша қазақстандық танымал журналист Борат Сағдиев тағы АҚШ-қа барады. Ол жақта елдің саяси өмірі мен алдағы президент саулауы туралы зерттейді. Адамдарды ызаландырады, коронавирус пандемиясына қарсы скороводкамен күреседі және демократтардың қарсыластарымен әңгімелеседі.
Фильм премьерасы 2020 жылғы 23 қазанда Amazon Prime-да - АҚШ президентін сайлау қарсаңында болады.
Бірінші "Борат" 2006 жылы шыққан. Қазақстанда көрсетуге тыйым салынған. Егер екінші фильмді кинотеатрлардан көрсетпесе, тыйым сала алмайды.
"Егер фильмді тек интернетте көрсетсе, біз ештеңе істей алмаймыз - министрлік мұны реттемейді. Біз тек кинотеатрлардан көрсетілуіне тыйым сала аламыз. Ал телеарнаға келсек, бұл сұрақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қойылуы керек", - деді Мәдениет және спорт министрлігіндегілер Liter.kz порталына.