"Бөртпелер пайда болған": Дәрігерлер коронавирустың жаңа белгілерін атады

Ғалымдар жүргізген зерттеу Lancet журналында жарияланды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы  kaz.tengrinews.kz-ға сілтеме жасап.  

Дәрігерлердің айтуынша, коронавирус жұқтырғандардың кейбірі дене қызуының жоғарылап, бөртпелер пайда болғанын айтқан. Бірақ ол науқастарда жөтел болмаған және тамағы ауырмаған.

Сондай-ақ, мамандардың зерттеуінде вирус жұқтырғандардың тыныс ала алмағаны айтылады. Қазіргі уақытта олар қосымша тексеріске жіберілген.


Осыған байланысты дәрігерлер дер кезінде тексерілуге кеңес беріледі.