“Бортсерік сотталуы мүмкін бе”: Тірі қалған стюардессаға қатыста тың ақпарат тарады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Төлжан Иманалы есімді желі қолданушысының пайымдауынша, тексеріс барысында бортсеріктің өз міндетін дұрыс атқармағаны анықталса, сотталып кетуі мүмкін.

“Әуе заңы

Ұшақ құлап бара жатқанда бортсеріктер салқын қандылық танытуы тиіс. Олар жолаушылардан белдіктерін ағытып, аяқ киімдерін шешуін талап етеді. Және талаптың орындалуын қадағалауы тиіс. Оның кәсіби жұмысы сол. Қас бен көздің арасындағы ситуацияда, халық шыңғырып, айқайлап шулап жатқанда бортсеріктің айтқандарын тыңдамайды да, орындамайды. Сондықтан, тексеріс барысында, жолаушылардың белдіктері ағытылмаған, аяқ киімдері шешілмеген болып шығады. Ал, оны қадағаламаған және орындатпаған бортсерік кінәлі болады. Егер ол тірі қалса, сол үшін сотталады. Құлаған ұшақтың ішінде аман қалған кейбір жолаушылардың жалаңаяқ болғаны және құтқару кеудешесін кигені бортсерікті тыңдап, соның командасын орындағаны болып табылады.

Ұшақ құлағанда бірге өліп қалған дұрыс! Тірі қалсаң да өлгенің дейді стюарт балам, деп жазыпты”, - деп жазды ол.