Бортында 200-ден астам адам болған ресейлік ұшақ Мысырда апатқа ұшырады

Sky News Arabia телеарнасының хабарлауынша, Ресейдің әуе кемесінің ішінде 212 адам болған, деп жазады ТАСС.

Ұшақ таңертең Шарм-эш-Шейх әуежайынан ұшып шыққан. Қазіргі кезде оның құлаған жерін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаға байланысты Мысыр премьер-министрі Шериф Ысмайыл Исмалияға жұмыс сапарын тоқтатты.


Reuters агенттігінің хабарлауынша, Мысырда Шарм-эш-Шейхтен Санкт-Петерборға бағыт алып, ұшып шыққаннан кейін 23 минуттан соң радарлардан жоғалған ұшақтың бортында 212 адам болған.

Ал РИА Новости ұшақ ішінде барлығы 224 адамның болғаны туралы хабарлауда.