"Елімізде заң бұзушылықтар үшін жүктелген айыппұлдарды төлеуден бас тартатын санасыз жүргізуші көп, осыған байланысты біз аталған айлық жұмысты өткізуге мәжбүр болдық", - деді И. Елекеев.
"Республика бойынша айлық барысында өтелген берешектің жалпы көлемі 579 млн 331, 6 мың теңге, соның ішінде әкімшілік айыппұлдар бойынша өтелген берешек 76 млн 618,5 мың теңгеге тең", - деді төраға.
Науқан басталған сәтте сот үкімін орындаушының қаулысы бойынша іздеуде болған автокөліктер саны 6328 болса, науқан кезінде 2708 осындай автокөлік құралы табылып, айыппұл тұрағына өткізілді.
"Айлық уақытында еліміз бойынша сот өндірісі аяқталған істер саны 3180 болса, оның 2379-ы әкімшілік айыппұлдар бойынша", -делінген хабарламада.