Борышкерлерге елден аттап басып шығуға тиым салынды

Ссебебі құжатқа виза соқтырар кезде, арнайы электрондық базадан азаматтың қарызының  бар-жоқтығы тексеріледі. Берешегі болса, шетелде демалу дегенді мүлдем ұмытады.  Сол себепті сот орындаушылары істі насырға шаптырмас үшін қарызды ең көбі 3 айда төлеп тастаған абзал деп отыр.  Тек шекара асып емделетіндерге жеңілдік жасалады. Кімнің қара тізімге іліккенін  тұрғындар Әділет министрлігінің сайтынан біледі алады.Және қарыздан жоспарлаған сапардан  кемі 2 апта бұрын құтылу керек екен.