"Босанған анаға мүлде ұқсамайсыз, сірә, Жазира ханым сияқты суррогатное": Тамара Асарды ренжіткен кім?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қыз баланы дүниеге әкеліп, Ажар деп есім қойған әншіге халық болып қуанып, барлық жақсы тілектерін жазған оқырмандар арасынан кері пікір жазғандар да кездесті. 

Әнші желіде оқырманына былай деп жауап жазды:

"Бақытты ана сүйікті жардың сөзі ащы, ниеті лас екен, сізге ақталып, тәніммен жанымды жалаңаштау, ойымда жоқ... Жиырма жылдан кейін, менің тар құрсағымды кеңіткен, тас емшегімді жібіткен бір Аллаға тапсырдым сізді!!!", деп жауап жазды әнші өзін ренжіткен оқырманына.