Әйелдердің екі түрі болады: біріншісі, төзім мен қулықтытң арқасында кез келген еркекке өзін мойындата алатынына сенімді келеді, екіншілері, зорлықпен адамның мінезін өзгерту жақсылыққа апармайды деген ұстанымды дұрыс дейді.
Біріншілері, жылдар бойы мінсіз қарым-қатынасқа жоқтан бар жасап лайықты еркекті жамап-жасқап әуре, екіншілері, я барымен, нарымен қабылдап дағдаланады, я, мойнынан зіл тартқан салмақты түсіріп, өзгермейтінді аңсауға уақыт өлтірмеуге бел шешеді.
Бірақ, сол қарым-қатынасты үзуге шешім қабылдаған күнде де оны не үшін тастайтынын «күлгін көзілдірік» кигендер айыра бермейді.
Босбелбеу еркекті анықтайтын үрейлі 5 белгісі:
1. Міндетті шарттары
Ол өзін ешқашан ешкім өзгерте алмасын анық жеткізеді. Сонымен қоймай жанындағы әйелін өзгертуге құлшына кіріседі. Онымен бірге өмір ссүретін әйел заты білуге тиіс, бірақ дауыстап айтылмайтын өзіндік ережелері бар. Әйелді ол өзіне кір жуғыш мәшине таңдағандай таңдайды. Тек мінездемесіне қарайды. Алдын ала енгізілген пісіру, кір жуу, таңғы шай беруді еш ескертпесіз дайын ету, дәл өзіндей «ғажап» еркектің жанында жүргеніне керемет қуаныш білдіріп, оның әр ісін үндемей қабылдау бағдарламада болуы тиіс. Өзін-өзі тым жақсы көреді. Ал, әйелін өзіне лайықты сый ретінде қабылдайды. Қандай да бір функциясы бұзылса, жүрек қалауы болған әйел одан гөрі жаңартылған заманға лайықтысына ауыстырылады.
2. Ішімдікке әуес
Мұнда әңгіме 1973 жылғы «Шабро» жайында емес. Естен танғанша ішіп, ішіп алып не жасағанын білмейтіндер хақында. Алқаштардың әйелдері бастапқы кезде көп байқаған, бірақ мән бермеген осы бір харам суға деген әуестік көп шаңырақты шайқалтты. Жағдай шарықтау
шегіне жеткен кезде тастап кету обал, қанша жыл бірге тұрды, қанша қиындықты бірге көрді, қанша бала дүниеге әкелді. Мұндай жағдайда бірдеңені өзгерті өте қиын...
3. Өзін төмен бағалау
Егер сіздің жұмысыңыз алға басса, ол қуанудың орнына ашуланады. Екіншінің жетістігін ол қызғанышпен және ренішпен қабылдайды. Дәл осы сәтте «я жұмыс, я мен» деген таңдауға жол ашылады. Тура осы кезде ол үлкен отбасының болғанын қалайтынын, көп балалы әке болғысы келетінін еске алады. Ал, сіз жұмысбастылығыңызбен оның жоспарын құртып тұрған болып шығасыз. Ары қарай сіз ашушаң еркектің жетегінде өмір сүресіз. Ол мұның барлығын тек өзін төмен бағалағандықтан жасайды. Ол өзін үй ішінің күйбеңіне арнап, өмірде басқа жетістікке жете алмайды. Есесіне сіздің көлеңке өміріңізге ол риза. Ол мұндай кезде өзін қаһарман әрі табыскер сезінеді.
4. Ортақ келешекті елестетіп
Белгілі бір еркекпн болашағыңыыздың бар-жоғын анықтау – екеуіңіздің шамамен 5–10 жылдан к ейінгі ортақ өміріңізді елестету. Қиял-ғажайып ертегіні емес, шынайы түрде. Енді өзіңізді алдамай, бұл көрініс сізге қаншалықты ұнайтынын түсініңіз. Осыны армандап па едіңіз?
5. Ол сіздің есебіңізден өмір сүрсе
Сіз ата-анаңызбен тұрасыз, немесе жалға алынатын пәтерақы толықтай сіздің мойныңызда. өйткені, ол әлі жалақысы жақсы жұмыс таппады. Азық-түлікті де сіз сатып аласыз. Ол дүкен аралағанды ұнатпайды. Дәмхана, мейрамханаға бара қалсаңыз, ол ақша алмай шығады. Телефон, бензин, басқа да ұсақ-түйектерде сіздің мойныңызда. Ойланыңызшы, сіз армандаан қаһарман осындай ма еді? Ол қиындыққа тап болмады. Тек сіздің есебіңізден ғажап өмір сүріп жатыр.
Шын мәнісінде өзіңіздің қиын жағдайыңызды түсіну ғана өмірді өзгертуге ықпал етеді. Тек сол сәтте екінші тынысыңыз ашылады. Жаңа мүмкіндіктер көлбеңдейді. Бәлкім, болашағы жоқ қарым-қатынастардан бас тарту – бұл тығырықта емес шығар, шұғылалы келешекке деген алғашқы қадам болар? Ойланыңыз...
Дайындаған: Фейса Рахат