Боснияда жер сілкінісі салдарынан отыз шақты кенші көмір шахтасында қамалып қалды

Салдарынан 34 кенші «Распоточье» көмір шахтасында қалып қойған.

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, апат кезінде шахтада 56 адам болған. оның 22-сі өз бетімен сыртқа шығып үлгеріпті.

Шахта басшылығы шахтерлермен байланыс ажырамағанын айтады.

«Олар дін-аман, құтқарушыларды күтуге шахтадағы ауа да жеткілікті», - дейді олар.


Жергілікті телеарнаның мәліметіне қарағанда, дүмпу ел орталығы Сараево қаласынан 53 шақырым жерде болған. Тербеліс күші 3,5 балға жетті.