Австрияның ORF радио тарату корпорациясының хабарлауынша, Еуропа елдерінің шекарасы босқындар үшін жабық екендігіне наразы мыңға жуық босқын шекара бекетіне жиналған. Олар бүлік шығарып, полицейлермен қақтығысып қалған. Салдарынан екі сақшы жарақат алған.
Сенбі күні Австрия билігі Бреннер асуының өн бойына жағалай әскери бөлімдерді тарту арқылы полицейлерге көмек қолын созбақ ниетте екендігін мәлімдеген.