Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Caravan.kz хабарлайды.
Сотталушы Қуандық Бишімбаев мұның жеке басқа қатысты хаттар екенін ескертіп, ондағы әңгімені жарияламауды сұрады. Бірақ сотқа қатысушылары хаттардың оқылуын талап етті. Өйткені Бишімбаев “Юлия супер”-мен Салтанат Нүкенова өлім аузында жатқан сәтте сөйлескен.
“Не істеп жатырсың? Боссың ба”, – деп сұраған Қуандық Бишімбаев.
Оның бұл сұрағына “Юлия супер”: “Кірпік жабыстырып жатырмын. Қай уақытта?”, – деп жауап берген.
Жәбірленуші тарап атап өткендей, Бишімбаев Салтанаттың жағдайы туралы көріпкелмен сөйлесіп жатқанда Юлиямен де қатар хат алмасқан. Жәбірленуші тараптың: “Юлия Бишімбаевқа қандай қызмет көрсететуі керек еді? Ол не себепті бос болуы керек?” деген сауалдарына сотталушы жауап бере алмады. Сот аталған сұрақтарды алып тастады.