Бұл жолғы отырысқа келушілердің қарасы қалың. 50 адамдық шағын залда ине шаншар орын жоқ. Өйткені процеске сотталғандардың құда-құдағиларына дейін келген. Ал басты айыпталушы Бергей мен оның інісі Аманжан Рысқалидан әлі еш хабар жоқ. Оларға және тағы 11 сыбайласына халықаралық іздеу жарияланған. Бұл қылмыстық топ Бергейдің билікте болған 6 жылында қазынаны қанаумен айналысып, мемлекетке 71 млрд теңге шығын келтірген. Ал бүгінгі апелляциялық сот отырысы бас-аяғы 6 минутқа созылды. Судья Жайдарбек Дияров алдыңғы әріптесі шығарған шешімнің үтір-нүктесін де өзгертпеді. Бұл айыпталушылардың наразылығын тудырды.
Болат Дәукенов, сотталушы, Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары:
- Не де болса, біз қайта шағым түсіреміз. 5 минуттың ішінде сот үкімін оқу деген күлкілі ғой. Шағымданамыз. Менің ойымша, әділдік орнауы тиіс.
Loading...