Бостон сотында Азамат Тәжияқовқа қатысты жаңа видео көрсетілді

Дегенмен бүгін америкалық телеарналар жаппай мына бір видеоны көрсетіп жатыр. Онда Азамат Тәжияқов пен Жохар Царнаевтың спорт залына бірге кірген жері түскен. Кей мәліметке қарағанда, бұл Бостондағы жарылыстың ертеңіндегі кездесу екен. Яғни Царнаев жақын достарының бірі, жерлесіміз Азаматпен жүздескен. Бірақ таспа қылмыс жасалғанға дейін түсірілуі мүмкін деген де болжам бар. Сондықтан оның анық-қанығы тексерілуде. Тәжияқов ісін қазір Федералдық сотта 12 алқа би мен 6 судья қарап жатыр. Және 10 куәгерден жауап алынған. Ал «Царнаевтың екініші сыбайласы» деп айыпталып отырған тағы бір жерлесіміз Диас Қыдырбаевтың соты 8 қыркүйекте өтуі тиіс. 


Мэттью Майерс, Азамат Тажияқовтың адвокаты:

-Енді Азаматтың тағдыры алқа билердің қолында. Оларға іс бойынша барлық айғақтар берілген. Онда видео мен аудио таспалар, тергеу қатысты құжаттары түгел бар. Біз оның кінәсі жоғын толық дәлелдей алдық.