Бостонда Азамат Тәжияқовтың соты басталды


Әрине, ол үшін қос студентке тергеушілердің қоқаң-лоққы көрсеткенін дәлелденуі тиіс. Сот алдына бірінші болып, 20 жастағы Азамат Тәжияқов жауап беруде. Бұған оның жақындары мен қорғаушысының «процесс ертерек өтсін» деген өтініші себеп болған-ды. Сөйтіп, отандасмыздың ендігі тағдыры 12 алқа би мен Дуглас Вудлок деген судьяға тапсырылды. Ал Диас Қыдырбаевтің ісі 8-ші қыркүйекке белгіленген. Еске сала кетсек, Массачусетс университетінде оқитын қос қазақ баласы былтыр сәуір айында тұтқындалған еді. Оларға Бостондағы марафонда жарылыс жасаған ағайынды Царнаевтарға көмектесті деген айып тағылған.