Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Майерс бұл мәселені прокуратура өкілдерімен талқылады, алайда ешқандай шешім алынған жоқ. Майерс бұл жағдайда Тәжаяқов қандай жауап беру мүмкін екенін түсіндірді. Газеттің жазуынша, қазақстандық студент оның көзінше Царнаев қандай пайымдау айтқаны жөнінде сөз қозғауы мүмкін.
АҚШ билігі Тәжаяқов және Царнаевті білетін қазақстандық тағы бір студенит - Диас Қадырбаев жарылыстан үш күн кейін оның иелігінде приротехника бар сөмке мен ноутбукті жойып жіберген. Бұл лаңкестік актіні тергеу ісін анағұрлым қиындатты. Жас жігіттер мұны жаңалықтар шығарылымындағы Джохар Царнаев пен оның ағасы Тамерланның суретін көргеннен кейін істеген.
Бостон сотында 21 шілдеде алқабилер Тәжаяқовқа қатысты айыптау қорытындысын шығарды Ол айыптаудың төрт тармағының екеуі бойынша айыпты деп танылды. Алқабилер Тәжаяқов Царнаевтың бөлмесінен сөмкені алған, бірақ та ноутбукті тастамаған. Сонымен бірге, студент сөмкені лақтыруға келіскені, бірақта ноутбуктен құтылуға келіспегені танылды.
Тәжаяқовтың әкесі Әмір Ысмағұлов бұдан бұрын ТАСС-қа тергеу қорытындысында көптеген үйлесімсіздіктер бар екенін айтты, сондықтанда қорғаушы апелляцияға өтініш бермек. Ол сондай-ақ алқа билерге өкімет орындары тарапынан қысым болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.