Ешкім күтпеген жайт Жаркент жұртының жағасын ұстатты. Мұндағы іргелес көршілер бір-бірімен бет жыртыса бастады. Қыз жақ «перзентіміздің тағдырын тәлкек еттің» деп сексендегі қарттың жағасынан алса, қарияның немерелері ұяттан өртеніп көшеге шығудан қалған. Алдағы жексенбіде «Астарлы ақиқат» осы оқиғаның анығын айтады. Сондай-ақ, күні қараң кедей-кепшіктің де тіршілігін ашып көрсетеді. Тиын-тебенге қараған алматылықтар нені аңсайды? Батыстың қорқынышты күнін өз тойындай тойлап жүрген қазақтар кімдер? Бөтеннің қаңсығын таңсық көрген жастар Хэллоуинде кімдерді шошытты? Осы жексенбі жаңа уақытта «Астарлы ақиқат», 18-45-те КТК-дан көріңіз.