"Ботокс салдырдым": Бетіне ота жасатқан Алтынай Жорабаева көптің қызу талқысына түсті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші бетіне өзгертетінін өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Ботокс салдырамын, мына жерге, мына жерге. Мына қызылмен белгіленгендердің бәрі ботокстың орындары. Төрт ай салмаған екен маған. Менде әжім, мимика бәрі бар. Бірақ Людмила салған кезде, бәрі тартылып, жиналып қалады", - деді ол.

Десе де көпшілік оның бұл ісін сынап тастаған. "Әп-әдемі түріңізге не үшін ботокс салдырасыз? Осылай да сұлусыз ғой", "Қазіргі әйелдер кейін қартайғанда қалай болады екен түрлері?", "Сізге ештеңе қажет емес, онсыз да әдемісіз" деп жазып жатыр олар.

Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаева қатты арықтап, елдің көзіне түскен еді.