“Өзім боянбасамда, Дауренді әрлейін деп шештім. Теріс пікір жазатындар үшін айтарым, бұл түсірілім. Қалай былай? Кім әдемірек?”, – деп жазды Ақбота желіде.
Сурет жарияланған соң желі қолданушылары қызу сынға ала батады. Олардың басым көпшілігі Дәуреннің боянғанын жақтырмай қарсы пікір жазды.
“Қазақтың жігітіне тән әрекет емес. Бояушы, бояушы десе, сақалын бояпты дегендей, енді Дәуреннің боянған қалды ма?”, “Түк жарасып тұрған жоқ, әзіл болса да жігітке тән емес”, – дейді желідегілер.
Бірі бояусыз тұрған Ақботаның әдемірек екенін айтып дауласты.