Божко ауыл жастарына қатысты мәлімдемесін түсіндірді

«Бұл тәсілді білемін. Аузына келгенін жазып, кейін сол арқылы пайда тауып отырады. Бұл неткен батыл адамдар, вице-спикерге шабуыл жасап, сол арқылы ғаламтордағы оқырмандар санын арттырып отыр», – деген Божко өзіне тіл тигізгендерді сотқа бермейтінін мәлімдеді.

Алайда екі күннің ішінде өзінің тарапына қалдырылған барлық жағымсыз пікірлерді оқып шыққан Божко көңіл күйінің түсіп кеткенін жасырмады. Ол ауыл жастарына қатысты мәлімдемесін дұрыс түсінбей қалғандарға «Егемен Қазақстан», «Литер», «Казахстанская правда» басылымдарын оқуға кеңес берді.


«Ауыл жастарын қалаға кіргізбеу керек деп қай жерде айтыппын? Мен жастарды ауылдан қалаға көшуге мәжбүрлейтін жайттарды жою керектігін, ауылда жағдай жасау керектігін айттым. Мәдени мәселелерді шешіп, жалақасы жақсы жұмыс орындарын құрып, инфрақұрылымды қалыпқа келтіру қажеттігін алға тарттым», – деп түсіндірді депутат.