Божко суға кету қаупі басым Солтүстік өңірді тікұшақпен аралады

Ауыл-аймақтардың маңындағы қар әлі толық ерімеген. Оның үстіне топырақ ылғалдылығы да тым жоғары. Сондықтан бұл ауылдарда тасқынға қарсы шаралар тағы пысықталуы тиіс. Жақын күндері ауа-райы күрт жылуы мүмкін. Сондай- ақ, өңірдегі екі су қоймасы да суға толып тұр. Алайда шенділер ондағы жағдай қалыпты деуден танбайды.

Владимир Божко, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:  

-Былтыр ауызымыз күйді. Биыл қауіп Ақмола облысының Сілеті су қоймасынан келеді деп отырмыз. Халықты көшірдік,  мал мүлкін, дүниесін алып шықтық. Қазір қоймаға апаратын жолдарды тазалап, тиісті инженерлік қондырғылар жасадық.

Loading...