Божкодан сөгіс алған Өскеменнің шенеуніктері қар тазалауға қатты кірісті

Кенеттен техникалар қаптап, қалада жаппай қардың тазаланып жатқанына тұрғындар бастапқыда таңданыспен қараған. Оған себеп – мұнда екі айдан бері қар күрелмеген. Коммуналдық қызмет бар кінәратты жергілікті пәтер иелері кооперативіне артса, ал ондағылар жұрттан қосымша қаржы жинауды талап етіп келген екен. Енді, міне, ақша жинамай-ақ тазалық жүргізіліп жатыр. Сөйтсек, қардың шұғыл жиналуына Владимир Божконың Өскемен басшылығына жасаған ескертуі түрткі болыпты. Тек дер кезінде жиналмағандықтан үйіліп қалған қар оңайлықпен күрелер емес.    

Loading...