Бозшакөл тау-кен байыту комбинаты жылына 100 мың тонна мыс концентратын өндіретін болады

Республикалық Индустрияландыру картасына енген құны 258 млрд. теңге болатын жобаны «Қазақмыс Бозшакөл» ЖШС іске асырып жатыр.

Бозшакөл тау-кен байыту комбинаты жылына 100 мың тонна мыс концентратын өндіретін болады. Жобалық қуаттылығына 2018 жылы шығады.

Тау-кен байыту комбинатының іске қосылуы елдің металлургиялық шикізат қуаттылығын елу жылға қамтамасыз етіп, Павлодар облысындағы мыс өндірісінің дамуына бастама болады.

Бас мердігер - «Аларко» түрік компаниясы қорыту корпусын тұрғызды, жоғары технологиялық қондырғы сатып алды. Инфрақұрылым нысандары құрылып, жұмысшыларға арналған үйлер салынуда. Қыркүйекке дейін 137 млрд. теңге игерілді.

Кесте бойынша кен орны 2014 жылдың бірінші тоқсанында ашылады, қорыту фабрикасына кен 2015 жылдың 4-тоқсанында түседі.


Бозшакөл кен байыту фабрикасының құрылысы әлемдік стандарттарға сай жүргізілуде. Бұл осы күнгі ТМД-дағы осындай деңгей мен көлемдегі алғашқы және жалғыз жоба.