БҚО 2008 жылға арналған бюджеті 33 млрд теңгені құрады

Бұл туралы шешім облыс мәслихатының кезекті отырысында 12 желтоқсанда қабылданды.

"2008 жылғы бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік саланы дамытуға жұмсалады", - деп хабарлады экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Серік Шәпкенов.

Оның сөздері бойынша, облыс бойынша, білім беру нысандарына 2 млрд 801 млн теңге қарастырылған болса, денсаулық саласындағы нысандарға 10 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаржы ішінде облыстық өкпе құрты диспансеріне, қан және диагностика орталығының күрделі жөндеу жұмыстары бөлінген ақшасы да бар.

Жолдарды дамыту және жөндеуге 1 млрд 206 млн теңге бөлінді, тұрғын үй коммуналдық саласына - 1 млрд теңгеден аса қаржы, ал тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыруға - 538 млн теңге қарастырылған. Сонымен қатар, асыл тұқымды мал шаруашылығына субсидия ретінде 486 млн теңге жұмсалады.

С. Шәпкенов атап өткеніндей, бюджет әлеуметтік салық ставкасының 30 пайыздық төмендеуі және тұтыну баға индексінің 7% деңгейі ескеріліп дайындалды. Сонымен қатар, қаржы тапшылығынан, бекітілген бюджетте аймақта шешілмей келе жатқан мәселелер толық қамтылмаған. Енді бұл мәселелер, осы жылда орындалатын бюджет қорытындысы мен алдағы жылы түсетін салыққа мөлшеріне байланысты шешілуі ықтимал.