БҚО 2008 жылы әлеуметтік нысандардың құрылысына республикалық бюджеттен 17 млрд теңге бөлінеді

"Облыста үш мектептің құрылысы, 7- ықшам ауданында 280 орынды балабақшасы салынады. Сондай-ақ, екі емхана және төрт аурухана ғимаратын тұрғызу жоспарлануда", - деп хабарлады Б. Ізмұхамбетов.

Оның сөздеріне қарағанда, осы қаржыға облыстың 9 ауданында 11 су құбыры пайдаланылуға беріліп, суды тазалайтын төрт қондырғы орнатылады. "Бұл облыстағы 118 елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз етеді", -деп атап өтті облыс басшысы.

Облыс әкімінің айтуынша, Оралдағы элиталық ауданының айналма канализациялық коллекторының құрылысын салу жоспарланған.