БҚО: 220 тоннадан астам мұнай өнімдері заңсыз айналымнан алынды

шикі мұнай деп рәсімделген жол битумын Ресейден заңсыз жеткізудің жолын кесті.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған дерек бойынша ҚР ҚК 197-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істі тергеу барысында бұған облыс тұрғынының қатысы бары анықталды. Орал қалалық сотының үкімімен ол айыпты деп танылып, 1 мың АЕК көлемінде айыппұл салынды. Тәркіленген, салмағы 48,324 тонна жүк (битум) мемлекет пайдасына жатқызылды.

Жыл басынан бері департаменттің экономикалық тергеулер қызметі 15 қылмыстық іс  қозғаса, соның 8-і сотта қаралып, үкім шықты. Барлығы 220 тоннадан астам мұнай өнімдері заңсыз айналымнан алынды.