БҚО әкімі арақ іштің деп сөккендерге өкпелеп қалды

Нұрлан Ноғаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

-  Ешкім ертең өзін не күтіп тұрғанын білмейді. Сіз осы залдан шыққан соң не болатынын білмейсіз ғой. Болжай да алмайсыз. Сол сияқты.

Сондай-ақ, Ноғаев Оралдағы Сорочин жәрмеңкесінде болған жәйтке түсініктеме берді. Жақында облыс басшысының бір рөмке арақ ішіп тұрған суреті жарияланып соңы үлкен дау туғызған болатын. Бірақ әкім  қонаққа барғанда ащы судан ұрттап тұратынын жасырған жоқ. «Мен де адаммын» деген Нұрлан Ноғаев жәрмеңкеде ұсынылған арақтан бас тарта алмаған. Өз әрекетін дұрыс санайтын әкім бұдан шу шығарғандарды түсінбейтінін айтып өкпелеп қалды.

-  
Бір рөмке ғана. Сол үшін осыншама шу. Түсінбеймін.