Нұрлан Ноғаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:
-Көлік жүргізушілерге де, кәсіпкерлерге де тиімді болатын бағаны қою керек. Оған несіне бас қатырамыз? Сондықтан іске кірісейік.
Осы күнге дейін Оралда газ бағасын тұрақты ұстап тұру үшін қазынадан ақша бөлініп келді. Сондықтан сатып алынатын көгілдір отын төмен бағамен және шектеулі көлемде жіберіліп отырған. Енді мемлекеттен дотация бөлінбейтіндіктен өндірушілер тасымал көлемін ұлғайтпақ. Негізі өңірде көгілдір отынның тапшылығына әсер еткен факторларды бірі – газ қондырғысын орнатқандардың көбеюі екен. Тіпті, кейбірі осыған байланысты техникалық құжаттарын ауыстырмаған. Полиция 2 күнде осындай 50 жүргізушіні жауапқа тартыпты. Енді сұйылтылған газдың бағасы реттеуге мемлекет араласпаса, қазір Оралда литрі 39 теңгеден саудаланатын отын қымбаттауы мүмкін. Есесіне қазіргідей газ тапшылығы болмайды деп сендірді жергілікті басшылар.
Loading...