Бұл туралы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
"Аталған сайттарға кіруге тілек білдіргендерге ерікті рұқсат алу үшін қолданушыларға тіркелу ғана қажет, ал ол шын мәнісінде жасырын түрде жүргізілген. Интернет-казинода ойын банктік несие карточкалары немесе электрондық төлем жүйелері арқылы аударуға болатын нақты ақшаларға жүргізілген. Клиенттер ақша аударғаннан кейін блэкджек, рулетка, покер және ойын-автоматтарында ойнауға мүмкіндік алып отырған. Домендік аттарды тіркеу орталығының деректеріне сәйкес онлайн-казино сайттары оффшорлық аймақтарда - Нидерландтық Антиль аралдарында тіркелген", - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.