ТЖМ ақпараты бойынша, 6 ақпанда Сахарный поселкесінде сағат 19.48 жергілікті тұрғындары даладан екі снарядты тауып алған. Баспасөз қызметі хабарлағанындай, снарядтар диаметрі 7-8 сантиметр жарылғыш басты болған.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, саперлер келгенінше жарылғыш заттар табылған жер полиция қызметкерлерімен қоршауға алынды. "7 ақпанда снарядтар Орал қаласының ІІД "Арлан" арнайы бөлімшесінің саперлерімен сағат 14.30 жарылып залалсыздандырылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.