"Орал әкімдігінің 2007-2008 жылдарға арнап бекіткен кестесі бойынша "ОралСуАрнасы" МКК екі жылдың ішінде су көлемін есептейтін 17 мың 800 бірлік құралын орнатуды жоспарлаған. Алайда белгіленген кестенің жоспары 2007 жылы орындалмады. Монополист-кәсіпорын мұны қаржының жоқтығынан болды деп сылтауратып отыр ", - деп хабарлады БҚО ТМРА бастығының орынбасары Елена Білялиева.
Оның сөздері бойынша осындай жағдай "Жайықжылуэнерго" АҚ орын алып отыр. Олар жоспар бойынша, үйлерге жіберілетін жылу қуатын өлшейтін 1 мың құралды орнатулары керек.
"Өкінішке орай, бұл мәселе бойынша ешқандай нақты шаралар қолға алынбай, бәрі сол күйінде қалып отыр. Тіпті жергілікті атқару органдары тарапынан бюджеттен қаржы бөлу жөнінде шешім әлі қабылданған жоқ",- деп атап өтті Білялиева.