БҚО халқы 610 мыңға жуықтады

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның 292,3 мыңы немесе 48 пайызы қалада тұрса, 317,3 мыңы немесе 52 пайызы ауыл тұрғындары болып отыр.

Жыл басынан бері халық саны 1321 адамға, соның ішінде қала тұрғындары 2341 адамға көбейсе, ауылдықтар есесіне 1020 адамға азайды.