Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, бұл шара - «Өмірге тыныс берейік» атты жобаның бір бөлігі. «АЯЛА» қайырымдылық қоры тарту еткен бұл аппарат шала туылған балалардың өмірін сақтап қалуға, жетілмеген өкпесін ширатуға көмектеседі. Аурухана директоры Арман Қалыбековтің айтуынша, өңірдегі перинаталдық орталықтарда бастау алған «Тыныс ал, балақай» жобасының жалғасын табуы қуантады.
«АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сәрсеновтің сөзіне қарағанда, көлемді қаржыны қажет ететін бұл ірі жобаны жүзеге асырудағы мақсат - дәрігерлердің, әсіресе, балалар өмірін сақтауда жоғары білікті қызмет көрсетуіне көмектесу.