БҚО прокуратурасында ауыс-түйістер болды

Оралдың прокуроры болып, бұған дейін БҚО Сырым ауданында прокурор болып келген әділет кеңесшісі Жәрдем Мұсағалиев бекітілді.

БҚО прокурорының бірінші орынбасары Молдағали Уапов пен Оралдың бұрынғы прокуроры Зәкәрия Саралеев қалалық прокуратура ғимаратында жөндеу жұмыстарын жасау кезінде қызмет бабын пайдаланған деген күдікпен орындарынан босатылды. Бұл істі тексерумен БҚО ішкі істер департаменті айналысқан. Алайда облыс прокуроры Зарлық Лақпаевтің журналистерге айтуы бойынша, ІІД тексеруден кейін М.Уапов пен З.Саралиевке қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан. Қазіргі кезде күдіктілер облыстық прокурордың қосалқы бөлімінде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті