БҚО қуаты 5-6 балл жер сілкінісі болды

БҚО төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы хабарлағанындай, 26 сәуірде 18 сағат 20 минутта БҚО ТЖ жөніндегі департаментіне Орал қаласындағы көп қабатты үй тұрғындары сейсмикалық ауытқуларды сезіп, бірнеше секундқа дейін ыдыс-ыяқ сыңғырлап, төбедеге шам көзі шайқалғандығы жөнінде ақпараты келіп түсті.

"ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің сейсмология Институтының сейсмикалық станция орталығында анықталған мәліметтер бойынша Батыс Қазақстан облысында қуаттылығы 5-6 балл жер сілкінісі болған ", -деп хабарлады БҚО ТЖ жөніндегі департаментінің оқыту және дайындау бөлімінің маманы Бибігүл Нұрмұханова.

БҚО ТЖД шұғыл тобы мен Теректі ауданының әкімдігі жер сілкінісінің аумағын анықтаған. Зілзала орталығында (Теректі ауданының Рыбцех ауылы маңы) балшықтан тұрғызылған үйлердің қабырғаларында сызат пайда болып, пештердің бір бөлігі бұзылып, үй төбелерінің сылағы түсіп қалған. Құрбан болғандар мен қираған ештеңе жоқ, деп хабарлады Б.Нұрмұханова.

Оның берген мәліметтері бойынша, 1959 жылы тұрғызылған мектеп ғимаратының қабырғаларында сызат пайда болған. Бірлескен комиссия барлық тұрғындардың үйлерін аралап, келтірілген шығындардың бірінші қорытындыларын айтты. 123 үйдің бәрінің қабырғалары жарылған, мектеп ғимаратына және Рыбцех ауылындағы 11 баспанаға күрделі жөндеу жұмыстарын жасау керек.

2008 жылдың 28 сәуірінде зілзаланың салдарын анықтау үшін сейсмология Институтының директоры келеді деп күтілуде.