БҚО: Сенат депутаты Ерболат Мұқаев таңдаушылардың басым дауысына ие болды

Облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшардың хабарлағанындай, 6 депутат дәлелді себептермен келе алған жоқ. БҚО бойынша Сенат депутаттығына төрт үміткер тіркелген болатын. Алайда олардың екеуі, атап айтқанда, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Айдар Батырханов пен «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ басшысы Қуат Мусин өз еріктерімен кандидатураларын алып тастады. Бюллетеньге осыған дейін Сенат депутаты болған Ерболат Мұқаев пен «Батыс су арнасы» ЖШС директоры Асылбек Саққазовтың аты-жөні енгізілді.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың мәлім еткеніндей, 191 депутаттың 181-і Ерболат Мұқаевтың, 10-ы Асылбек Саққазовтың кандидатурасын жақтап дауыс берді.


Сайлауға Самара облысынан 2, Саратовтан 3 халықаралық байқаушы қатысты.