БҚО сумен қамтамасыз етудің күрт нашарлау қаупі туындады

Ресей аумағынан бастау алатын су көздеріне тәуелді болып отырған облыстың оңтүстік аудандарында сумен қамтамасыз ету жағдайы күрт нашарлауда.

Осыған орай Орал-Көшім жүйесін кеңейтіп, Айдархан су қоймасына жөндеу жұмыстарын жүргізу шараларын шұғыл түрде қолға алу жөнінде ұсыныс айтылды. Ол үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінуі тиіс.

Биылғы жылы Үлкен және Кіші өзеніне Ресейдің Саратов магистралды арнасынан қосымша 132 млрд текше метр су көлемін жеткізу үшін республикалық бюджеттен 638 млн теңге бөлінде.

БҚО Кіші және Үлкен өзендерінің бассейнінде 40 мыңнан аса адам тұрып жатыр (үш ауданның 22 ауылдық округі).