БҚО төтенше жағдайлар департаменті тағы да ескерту жариялады


Атап айтқанда, қар жауып, бұрқасын соғып, соңы көктайғаққа айналмақ. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Осыған байланысты БҚО төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады.

Тұрғындардың төтенше жағдайларға ұрынбауы және қалыпты тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, электр және байланыс желілерінің үздіксіз жұмыс жасауы үшін тиісті шаралар алынды. Төтенше жағдай бола қалған жағдайда қажетті күш-құралдар дайындыққа келтіріліп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.